«Сахна қозғалысы негіздері» курсының пәні «МТЖ», «Режиссура», « Хореография» мамандары ұжымдарда жұмыс істейтін кадрларды студент шағынан тиянақты дайындауға бағышталған. Хореографиялық қойылымның әралуандығын тарта білетін кісіге әріқарай қойылымдар жасау қиын болмайды. Кез келген қойылым ол ең алдымен, драматургия заңдылықтарына бағынған хореографияның қимыл элементтері арқылы сахналау.

        «Сахна қозғалысы негіздері» пәні ең қарапайым сахна қимылдарынан, сахна жүрістерін үйрену, би этюдтардан бастап хореографияның күрделі үлгілерін көрсетеді. Этюдпен жұмыс істеу жеке және топпен орындалатын пантомима. Би этюдтардан күрделі хореографиялық жұмыстар – ансамбль құруға дейін жетеді.

         Ансамбль – кеңінен алғанда, дуэттан 8-12 қос  орындаушылардан тұрады. Екі орындаушының бір-бірін түсінуінен топтың биді бірдей орындауына дейін хореографияның түрлерінің маңызын ескергенімен бал сияқты билерді оңай емес.

          Курстың мақсаты – драматургияның заңдылықтарын сақтаған ансамбілдің әртүрлі үлгілерін үйрену, сахна қозғалыстарын үйрену.

         Курстың негізгі міндеттері – «МТЖ», «Режиссура», « Хореография» мамандары студенттеріне би қимылдарының  қарапайым түрінен үлкен хореографиялық қойылымдарға жету және оны өндірте жүзеге асыру. Пәннің сабақтары мақсатындағы көріністер:

·         Белгілі хабарламалар

·         Студенттердің өздік жұмыстарында шығармашылық процестерін орындаудағы жетістіктері

·         Қойылымды жүзеге асыру, көрсетілім бойынша талдау, сабақтарды ұйымдастыру.

Сабақтар негізінен тәжірибелікке сүйенеді.


«Коммуникативті мәдениет негіздері» пәні – болашақ мәдени-тынығу жұмысын ұйымдастырушыларға осы салада толыққанды білім алып шығуға септігін тигізер пәндерінің бірі  болып  табылады. Пән  қоғамды  ғылыми   басқару  алға  қойған  мақсаттарға  жету  мен  оның  оңтайлы  жұмыс  істеуі  мен  өркендеуін  қамтамасыз  етуге  жетуге,  танып-білу  мен  жүйеге  тән  объективті  заңдылықтар  мен  беталыстарды  қолдану  негізінде  адамдардың  қоғамдық  жүйенің  тұтас  немесе  жекелеген  топтарына   жүйелі  іске  асырылатын,   сапалы,  мақсатты  бағытты  ықпал  етуі, мәдени-тынығу мекемелерінде басқару ісінің қалыптасуы мен даму жолдарын, әдіс-тәсілдерін көрсетеді.

Оқу барысында қоғамды  басқару – бұл  студенттерге қоғамның  прогрессивті  беталыстарын  анықтай  отырып оны  өркендету  және  бағыттау,  яғни  осы  беталыстарға  сәйкес  оның  қозғалысын  жоспарлау,  ұйымдастыру, реттеу  және  бақылауды үйретеді..