Пән бойынша мағлұмат:Картография және топография негіздері курсы картография ғылымының қазіргі заманғы және перспективті бағыттарымен таныстырады. Сондықтан курста картография және топография бойынша теориялық сұрақтардан басқа, космостық түсірістер, картаны құрастыру, модельдеу, картографиялық зерттеу әдістері қарастырылады.

Курстың мақсаты: географиялық карталар және басқа да картографиялық шығармалар құбылыстың шындық  көрінісін бейнелейтін құрал ретінде, оларға  толық жан-жақты түсінік беру. Географиялық карталарды кеңістіктегі құбылыстарды шын күйінде, оның сапалық, сандық сипаттарын, құрылымын, қозғалысын және бір-бірімен байланысын көрсететін модель ретінде қарастырады. Географиялық карталарды осындай жағдайда қабылдап түсіну, оны ғылыми зерттеуде және практикалық қызметте қолдануда оның тиімділігін арттырады. Сонымен қатар студентерге жергілікті жерде бағдарлауда, арнаулы түсірістерді жобалауда және  т.б. жағдайларда топографиялық картадан, аэрофото суреттерден қажетті ақпараттарды тиімді әдіспен алуды үйретеді.  

Курстың міндеті: картография топография негіздерімен курсының міндеті педагогикалық мамандыққа арналған оқу жоспарында – болашақ география пәнінің мұғалімдеріне картография ғылымының негіздерімен,  соның  ішінде  картатанумен, математикалық картографиямен, картометриямен және топографиямен таныстыру. Курста студенттердің географиялық картаны талдау және оны дұрыс пайдалана білуге басты көңіл аударады.

Пререквизиттер:Картография топография негіздерімен курсы математика, геометрия, тригонометрия, сызу және географиялық объектілердің номенклатурасы бойынша алған білімдерге сүйенеді.

Постреквизиттер: курсты оқып үйренгеннен кейін төмендегідей біліммен дағдыға ие болады: топография, картография, геодезия пәндері бойынша, сонымен қатар қарапайым  картографиялық шығармаларды құрастыра алады.

Оқыту әдістемесі: негізінен дәріс, лабораториялық сабақ түрінде өтеді. Бұл сабақтарда негізгі оқыту материалдарының мазмұны беріледі және алынған түсініктермен, практикалық дағдылармен бекітіледі. Студенттердің білімін бақылау үйге берілген тапсырмаларды орындау, тестілік сұрақтармен тексеру, ауызша сұрақтар бере отырып және жеке тапсырмалар беру, оларды қорғау түрінде өткізіледі.