Балалар әдебиеті – сөз өнерінің жеке бір өзекті саласы. Балаларға арналып жазылатын шығармалардың жасөспірімдердің ой  - өрісін, сана – сезімін дамыта отырып, оларға заман талабына сай тәлім – тәрбие беруге бағытталатындығы – осы пәннің айырықша ерекшелігі. Балалар әдебиетінің қалыптасу, өсіп - өркендеу жолы бұрынғы – соңғы зерттеулердің аясында, халық өмірі мен дамуына байланысты қарастырылады.

Әдебиет пәнін оқыту, соның негізінде балаларға жан – жақты тәрбие беру – болашақ мұғалімдердің алдына балаларға арналған фольклор түрлерін, жазба әдебиет үлгілерін терең меңгеріп, іс жүзінде пайдалана білу мақсатын қояды.

            Балаларға арналған ірі туындылардың идеялық – эстетикалық қырларын халықтың педагогикалық көзқарастарымен, өмір тәжірбиесімен, қоғам талабымен жазба әдебиетке тигізген әсері, дәстүрлік мәселесі, зерттелу жайы жөнінде оқып білгендерін тұжырымдап, семинар сабақтарында жеткізіп отырулары көзделген.

            Балалар әдебиеті жөніндегі соңғы зерттеу еңбектерімен таныстыру, балалар әдебиетінің аударулы мәселесі, басқа халықтар әдебиетімен байланысы жөнінде мағлұмат беруде басты бағыттың бірі.

            Балалар әдебиетіпәнінің мазмұнын “Қазақ тілі мен әдебиеті” мамандығының студенттеріне меңгертуде, олардың педагогика, психология, әдебиеттануға кіріспе, халық ауыз әдебиеті, тіл пәндерінен аолған білімдеріне сүйене отырып, солардың өзара байланысын ашып көрсетудің қажеттілігі бар.

            Әр кезеңдегі балалар әдебиеті өкілдерінің қаламынан шыққан туындыларын тақырыптық – мазмұндық, көркемдік – эстетикалық тұрғысынан қарастыруда, олардың халқымыздың рухани мұраларымен әлем әдебиетінің озық үлгілерімен дәстүрлік, үндестік жақтарын ашып жеткізуге баса назар аударған жөн.


Орфография мен пунктуация – сауаттылықты және зеректілікті талап ететін тіл білімінің салалары. Сауаттылық – мәдениеттіліктің белгісі. Сондықтан емле ережелерін сақтап жазуға баса көңіл бөлген жөн. Орфография заңдылықтарына негізделіп құрастырылған сөздіктер де жыл сайын дамып, толықтырылып, өзгеріске түсіп отырады. Ол – заңды да тарихи құбылыс. Осыған орай түрлі деңгейдегі практикалық тапсырмаларды қамтитын еңбектер де жарияланатыны белгілі. Олар заман талабы мен сұранысынан, қажеттілігінен туындайды. Адамның көңіл күйі мен сезімін, айтайын деген ойын әсерлі де түсінікті жеткізуге көмектесетін, синтаксистік байланыстарды дәл ажыратып тұратын таңбалар – тыныс белгілері. Тыныс белгілері қате қойылған мәтіннің, сөйлемнің мағынасы күңгірттеніп не тіпті өзгеріп кетеді.