1. Оқытушы туралы мәлімет: Байбулсинова А.С., т.ғ.к., доцент

2. Пән туралы мәліметтер

Курс жеке дара ғылым ретінде ҚР саяси тарихын, аймақтың конституциялық және құқықтық ерекшеліктерін, конституциялық тәжірибесін, ұлттық және ұлттан жоғары заң, саяси жүйесі мен экономикасы, саяси партиялар, сайлау жүйесі, саяси өмірде азаматтардың қатысуы, адам құқықтары мен бостандықтары, пресса, теледидар, радио, заң шығарушы және атқарушы биліктің институттары, сайлау жүйесі туралы мәлімет береді.

Қазақстанның саяси жүйесінің қалыптасуы мен дамуы мәселелері бірқатар еңбектерде қарастырылған. Дегенмен бұл мәселені қарастыру барысында алдын ала Қазақстанның тәуелсіздік алуына дейінгі КСРО-дағы болып өткен саяси оқиғаларға шолу жасау қажет. Жалпы Ресей мемлекетінің әлеуметтік-экономикалық мәселелері де зерттеушілер назарынан тыс қалмаған.  Сондықтан дипломдық  жұмысты жазу барысында мынадай деректер пайдаланылды:

- аталған кезеңдегі Ресейдегі және Қазақстандағы саяси-қоғам қайраткерлерінің естеліктері мен шығармалары;

- ХХІ ғасыр басындағы сыртқы саясаттың дамуы мен үкімет шаралары туралы соңғы  жылдарда жарыққа шыққан әдебиеттер басшылыққа алынды.

Мақсаты:Студенттерде ҚР саяси жүйесі, саяси құқықтық ілімнің тарихы туралы түсінік қалыптастыру.

Курстың міндеті: белгілі бір мәселелерді шешуде және әлеуметтік болжауда саяси талдаулар жасау әдістеріне үйрету болып табылады.

Пререквизиттері:саясаттану, экономика, құқық,  тарих, т.б.

Постреквизиттері: Курс соңында студенттер саяси тарихы мен қатар республиканың экономикасының даму кезеңдерінен нақты мәлеметтер алып, елдің конститутуциялық және құқықтық ерекшеліктері, конститтуциялық тәжірибе, саяси партиялар, сайлау жүйесі, саяси өмірге азаматтардың қатысуы, адам құқықтары мен бостандытары, заң шығару және атқарушы билік институттары, сайлау жүйесі  туралы толыққанды мағлұмат алынады

3. Студенттерге қойылатын талаптар

Курс бойынша жоғары балл алу үшін әрдайым жұмыстану қажет. Себебі пән бойынша баға жалпы семестр бойы жинақталады. Сабаққа белсенді қатысып, барлық тапсырмаларды нақты, дұрыс, ұқыпты, толық орындаған жағдайда студентке жоғары баға қойылады. Қойылған баға еш өзгертілмейді. Студент әрбір кредит сағат бойынша жинаған балдарын есептеп жүру қажет (жоғарыда көрсетілген пән бойынша білімді бағалау және апталық тақырыптық кесте бойынша) Студент сабаққа қатысуға міндетті. Қалдырылған сабақтар пәннің оқу-әдістемелік кешенінде көрсетілгендей толық көлемде орындалу қажет. Пәннің 3/1 себепсіз қалдырса, курстан шығарылады. Берілген тапсырма уақытылы тапсырмаса, кейінгі апталарда қабылданбайды.Осыдан кейін студенттің  балы төмендейді. Студент сабаққа кешікпеу, сабақ уақытында сөйлеспеу, газет оқымау, ұялы телефоның сөндіру, оқу үрдісіне белсенді қатысуы қажет. 

4. Пәнді оқыту жөніндегі әдістемелік нұсқаулар:Оқыту негізгі оқу материалдары қамтылған дәрістер мен практикалық сабақтар негізінде жүргізіледі және алынған практикалық дағдылар, түсініктер бекітіліп отырады. Студенттердің білімін бақылау үй тапсырмаларын тексеру, электрондық оқулық т.б. оқу құралдарында берілген тестілерді орындау, ауызша сұрау, жеке семестрлік тапсырмалар арқылы жүзеге асады.