Мақсаты: «Қазіргі қазақ тілі сөзжасамы мен морфологиясы» тілдің сөзжасам жүйесін, сөзжасамдық бірліктерді, сөзжасамдық заңдылықтарды, сөзжасамның амал-тәсілдерін, сөзжасамдық типтерін, туынды сөздердің түрлерін, сөзжасамдық мағына, әр сөз табының сөзжасамын т.б. сөзжасамға қатысты мәселелерді қамтиды. Тілдің сөзжасам жүйесі қазақ тілінің сөздік қоры мен сөздік құрамын жаңа сөздер арқылы толықтырып отыратын негізгі тілдік құбылыс болғандықтан, оны тілде жүзеге асыратын сөзжасамдық заңдылықтар, амал-тәсілдер екенін таныту көзделеді.

Сөзжасам курсының негізгі мақсаты – студенттерге негізгі теориялық мағлұматтар беру. Осымен байланысты қазақ тілінің сөзжасам жүйесін зерттейтін арнайы пән ретінде студенттерге терең ғылыми-теориялық білім беру мақсатында жоғары оқу орындарының қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының келешек мамандарына жан-жақты толық білім беруді көздейді.

«Қазіргі қазақ тілі морфологиясы» - қазақ тіліндегі сөздердің лексика-грамматикалық топтарын, оның тілдік жүйедегі алатын орнын, қолдану қабілетін, тілдегі грамматикалық мағыналар мен формаларды қарастыратын тіл білімінің саласы. Курста морфологияның басты сұрақтары, яғни сөз таптастыру мәселесі, күрделі сөздер сипаты, сөз таптары қарастырылады.

Курстың міндеті:

-            Сөзжасамдық негізгі ұғымдармен таныстыру;

-            Сөзжасам мәселелерінен толық мағлұмат беру;

-            Қазіргі заман тіл ғылымының дамуына сай жаңа технология бойынша модульдік жүйемен туынды сөздердің жасалуын таныстыру, жаттықтыру;

-            Туынды сөздердің ішкі мағыналық құрылымын анықтау;

-            Түбір сөздің шығу төркінін айқындау;

-            Туынды түбірлердің мағыналық байланысын ашу;

-            Сөз таптарының сөзжасамдық ерекшеліктерін таныту;

-            Сөзжасамдық талдау, морфемдік талдау, этимологиялық талдауға үйретіп, жаттықтыру, дағдыландыру.

-            Болашақ мұғалімдерді қазіргі қазақ тілінің морфологиялық құрылысының теориялық негіздерімен таныстыру.

-            Практикалық сабақтар мен СОӨЖ, СӨЖ арқылы студенттердің морфологиядан бағдарламалық материалдарды меңгеретіндей шеберліктерін қалыптастыру.

-            Студенттердің морфологияға қатысты ғылыми еңбектерді ғылыми тұрғыдан зерттеп тану қабілеттерін дамыту.


Пән туралы мәліметтер

Мақсаты: халқымыздың рухани бай мұрасы , жазба ескерткіштерін, жәдігерліктерін білу әр маманның міндеті . Сол мақсатта , біздің заманымызға дейінгі жазу – сызулардан бастап , ХҮ ғасырға дейінгі әдебиет туралы біртұтас ұғым қалыптастыру. Ежелгі әдебиетті көне тарихпен , көшпелілер мәдениетімен сабақтастыру. Әр дәуір әдебиетінің өз ерекшеліктерін аңғарту.

Курстың міндеті: жоғарыда атап көрсетілген  мәселелерді шешуде мына міндеттерді айқындау көзделеді:

·         әдеби – мәдени және тарихи маңызды жазба ескерткіштердің мазмұн – мәнін және көркемдік мұратын талдау

·         әлемдік ғылыми тұжырымдарды қазақ ғалымдарының еңбектерімен сабақтастыра талдау

·         тастағы жазбалардан бастап ХҮ ғасырға дейінгі әдебиетпен толық тонысу

·         болашақ мамандар жекелеген жазба ескерткіштер мен көркем туыдылардың мәтінін өз бетімен талдап- жаттығуы қажет

     әдеби- ғылыми тұрғыдан терң зерттеп – шұғылдануға бейімделу


Оқытушы: Ержанова Ұ.