Отандық тарихтағы негізгі оқиғалардың мазмұны туралы ғылыми дәлелденген фактілер негізінде міндетті толық білім беру, тарихи-мәдени дамудың үздіксіздігі мен сабақтастығын дәлелді көрсету, рухани мұрагерліктің терең тамырларын, бұрынғы ұрпақтың қажырлы еңбегін, халықтың жеке тұлғаларын, тарихи тәжірибені және ұлттық дәстүрлерді құрметтейтін жастардың ұстанымын қалыптастыру.

·         Қазақстанның тәуелсіз мемлекеттілігі мен ұлттық қауіпсіздігін қалыптастыратын стратегиялық міндеттерге бағытталған тарихи білімнің теориялық және әдістемелік негіздерін қалыптастыру;

·         Полиэтникалық және поликонфессионалды қазақстандық қоғамды біріктірудің идеологиялық және рухани негіздерін қалыптастыру;

·         Дүниежүзілік тарих, Шығыс және Батыс мәдениеттерінің диалогы ауқымындағы бүгінгі Қазақстан тарихының қайталанбас ерекшелігі мен маңыздылығын анықтайтын ғылыми қағидаларын ашу;

·         Қазақ халқының этногенезі мәселесін, Ұлы Дала аумағындағы  мемлекеттілік пен өркениеттер түрлері эволюциясын, аса маңызды тарихи фактілер мен оқиғалар жиынтығын, тарихтың сабақтары мен заңдарын тұтастай және объективті түрде қарастыруды  көздеген қазіргі  Отан тарихының ғылыми-негізді тұжырымдамасын жасау;

·         Жеделдетілген модернизация мен республиканың экономикалық және идеялық-мәдени жетістіктерге қол жеткізген даму моделін шынайы ғылыми тарихи білім мазмұнымен толықтыру.

·         Қазақстанның қазіргі заманғы тарихын оқыту барысында студент төмендегідей құзыреттіліктерді меңгереді:

- өткен тарихи оқиғалар мен көріністерді сыни талдау, ретроспективті, салыстырмалы-тарихи және де басқа да ғылыми зерттеу әдістері негізінде оларды адамзаттың әлемдік-тарихи дамуымен байланыстыра көрсетуге дағдылану;

- әлемдік және еуразиялық  тарихи үдерістер бастауларында  тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қалыптасу алғышарттарын,кезеңдері мен олардың тарихи негіздерін білу;

- қазақстандық даму үлгісінің өзіндік басымдылықтарын, ерекшеліктері мен маңыздарын шынайы және жан-жақты ескеру;

- күрделі тарихи үдерістерді, құбылыстарды және қазіргі Қазақстанның тарихи тұлғаларының қызметін оқытуда аналитикалық және аксиологиялық талдаулар жасау дағдысын меңгеру.


1. Оқытушы туралы мәліметтер: Байбулсинова А.С., т.ғ.к., доцент

2. Пән туралы мәліметтер:

Ортағасырлардағы Қазақстан тарихы курсы нақты деректерге сүйенген, Қазақстан Республикасының қазіргі аумағандағы адамзат қоғамының қалыптасу процесін ашып көрсетуге тиіс.

Бағдарлама кіріспеден және әрқайсысы проблемалық-хронологиялық принцип бойынша бөлінген үш бөлімнен тұрады. Бұл бағдарлама ортағасырлардағы Қазақстан тарихының соңғы ортағасырлар атты екінші бөлімін құрайды. Хронологиялық тұрғыдан бағдарлама Қазақстан аумағына моңғол татар тайпаларының басып кіруінен бастап ХҮІІІ ғасырдағы Кіші жүздің Ресей империясына бодандыққа кіруі кезеңіне дейінгі тарихи оқиғаларды қамтиды. Алдымен түркі дәуіріндегі Қазақстан тарихы өзінің мәдени, сан алуан саяси қарама-қайшылықтар мен біртіндеп өзіндік үлгіде даму қарқынымен ерекшеленсе, моңғол дәуірінде  бұл аумақта бастан кешкен жергілікті түркі ру-тайпаларының әрқилы жағдайлары, моңғолдарға қарсы ерлік күрестері, саяси-әлеуметтік дамудағы төбегейлі бетбұрыстар, оның тарихи тағылымдары баяндалады.

            Қазақ хандығының құрылуы, қазақ халқының қалыстасуы және қазақ хандарының ішкі-сыртқы саясаттары ортағасырлар курсындағы ең басты оқиғалары осы қазақ хандары төңірегінде өрбиді. Бұл жерде қазақ хандығының негізін қалаған Керей мен Жәнібек сұлтандардан бастап, Қасым хан, Есім хан, Тәуке хан тағы басқалар билік құрған кездердегі Қазақ хандықтарының ішкі-сыртқы жағдайлары, құқтық басқару жүйелері, экономикасы, тб. курстың құндылықтарын арттырады. Ортағасырлар курсы Қазақстан аумағының Ресей империясының құрамына енгенге дейінгі тарихи оқиғаларды қамтиды. Курсты оқыту барысында студенттер отандық тарих мәселелері бойынша ғылыми зерттеудің қазіргі дейгейімен танысады.

Мақсаты: Қазақстан тарихы пәнiн оқытудың мақсаты – студенттердi фактiлiк және теориялық мәселелер кешенiмен таныстыру, Қазақстан территориясын қоныстанған тайпалар мен халықтардың тарихы мен мәдениетi туралы, олардың этникалық және мемлекеттiк құрылысының дамуының тарихи заңдылықтарын ашу. Студенттердiң тарихи ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, олардың танымдық қабiлеттерiмен негізгі деректер мен  мәлiметтерге сүйеніп тәжiрибелiк жұмыс жасау дағдыларын дамыту, Отан сүйгiштiк сезiмдерiн қалыптастыру, бүкiл адамзаттық тарихи құндылықтарды ұғындыру.

Курстың мiндетi:

·         Ортағасырлық Қазақстан тарихының басты кезеңдеріне тарихи ғылыми талдау жасай отырып, аталған кезеңдегі басты саяси оқиғалар мен тарихи тұлғаларды танып білуге, оларды құрметтей білуге және жастарды отангершілікке тәрбиелеу;

·         Моңғол империясы құрамындағы Қазақстан мемлекетінің саяси даму бағытына, моңғол жаулаушылығының түркі өркениетіне тигізген зардаптары мен жаңаша үрдістердің енуі жөнінде тарихи деректер негізінде талдама беру;

·         Қазақ хандығы кезеңіндегі мемлкеттің саяси-әлеуметтік, мәдени-экономикалық дамуы жөнінде ғылыми білім беру,

·         Қазақтың іргелі саяси-қоғамдық тұлғалары – хандар, сұлтандар, ұлыс бегілер, өзге де құдіретті дала билеушілері, сол сияқты батырлар мен ел ағалары билер тағыда басқалар туралы білім бере отырып, олардың саяси портреттеріне сипаттама беру;

·         Ортағасырлық кезеңдегі ІХ-ХІІ, ХІІІ-ХҮ және ХҮ-ХҮІІІ ғасырдың 30 жылдарына дейінгі қазақ халқының материалдық және рухани мәдениетіне тарихи талдама жасау, тарихи деректерге, дәстүрлі ауыз әдебиеті үлгілері негізінде тарихи сараптама беру.  

·         Қазақстан тарихы тәуелсiздiк алғаннан кейiн өзiнiң дамуында жаңа сипатқа ие болды. Тарих ғылымындағы өзгерiстердi, олардың даму процесi және Қазақстан тарихының зерттелмеген кейбiр кезеңдерi бойынша әлi де ортақ тұжырымдар қалыптаса қойған жоқ. Сондықтан бiлiм алатын студенттердің  өз Отанының тарихынан хабардар болу үшін жан-жақты тарихи деректер негізінде өзіндік жұмыстардың да көптеп берілуіне аса назар аударылған. Оқу бағдарламасында студенттердің өзіндік жұмыстарын беруде маңызды құжаттар мен басты деректермен жұмыстануына арналған тапсырмалар мен көмекші құралдарды пайдалану дағдысын қалыптастыруға жетелейтін тіректерді қолдану міндеттелген.  

Пререквизиттер: Қазақ әдебиетi, этнология, археология,  саясаттану, мәдениеттану, жалпы тарих, халықаралық қатынастар тарихы.

Постреквизиттер: Ортағасырлардағы Қазақстан тарихы курсы аяқталғаннан кейiн студенттер осы курсты толықтай меңгерiп, тарихи материалдарды топтастыру, оқиғаларды өз бетiнше зерттеу, саралау, салыстыру, зерделеу қабiлетiне ие болады.

3. Студенттерге қойылатын талаптар:  

Пән бойынша жақсы балл алу үнемі ізденісті талап етеді. Бұл пән бойынша баға беру семестр бойында қалыптасады. Барлық жұмыстың түрі үшін Студент баға алады. Барлық берілген тапсырманы орындаса жоғары балл алуға мүмкіндік бар. Студент сабаққа үнемі  қатысуға міндетті. Жіберілген сабақтар міндетті түрде қайта тапсырылып, пәннің оқу-әдістемелік кешенінде көрсетілгендей толық көлемде орындалуы керек. Егер сабақ себепсіз жіберілсе тиісті шара қолданылуы тиіс.

Егер сабақ себеппен жіберілсе(ауру, отбасылық жағдай) онда есеп беру немесе есептесу берілген тақырып өткізілгеннен кейін 2 аптадан кеш емес уақыттың ішінде тапсырылады. Өзге жұмыстан көшіру берілген жұмыс түрінің бағасының пайыздық үлесінен айыру жолымен жазаланады. Пәннің 3/1 себепсіз қалдырылса, курстан шығарылады. Студент сабаққа кешікпеуі, саабақтың үстінде сөйлеспеуі, газет оқымауы тиіс. Сонымен қатар ұялы телефондары айырылуы керек, оқу процесіне белсенді түрде қатысуы қажет. 

        4. Пәнді оқыту жөніндегі әдістемелік нұсқаулар

Курс негiзiнен дәрiс түрiнде және практикалық сабақтар арқылы жүргiзiледi. Сонымен қатар студенттердiң оқытушымен бiрге жүргiзетiн өзiндiк жұмыстарыда бар. Дәрiс кезiнде негiзгi өтiлетiн тақырып бойынша мағлұматтар берiледi және конспект жаздырылады. Практикалық сабақ кезiнде алдын-ала берiлген тапсырмалар бойынша жауаптар алынады. Оқытушымен өтетiн студеттердiң өзiндiк жұмысы кезiнде қамтылмай қалған материалдарды тапсырма беру арқылы, сұрақ-жауап әдiстерi арқылы бекiтіледі. Сонымен қатар, оқытудың белсендi формалары мен әдiстерiн қолдана отырып, дәрiс және практикалық сабақтарды немесе оқытушымен жүргiзiлетiн студенттердiң өзiндiк жұмысы (ОЖСӨЖ) жүргiзiледi.


Оқытушы туралы мәлімет: Мухангалиева Жанар Кажмуханбетовна - т.ғ.к., ҚР тарихы кафедрасының аға оқытушысы

Пән бойынша мағлұмат: Қазақстанның ежелгі тарихы Қазақстан тарихы пәнінің бір бөлігі – Қазақстан Республикасы азаматы үшін Отан тарихы. Ал, өз Отанының тарихын білу мемлекетіміздің әрбір саналы азаматының қасиетті борышы.

Отанымыздың өткен тарихын танып – білу – отансүйгіштік сезімді тәрбиелеудің, басқа халықтардың рухани және материалдық мұрасына сыйластықпен қараудың, жалпы адамзаттық құндылықтарды құрметтеудің маңызды факторы. Еліміздің тарихы – қазіргі жалпы дүниежүзілік тарихтың, соның ішінде Евразия тарихының, түркі халықтары тарихының құрамдас бөлігі болып табылады, оның тарихы да, тағдыры да осы ұлы даламен тығыз байланысты және республикамыздың барлық жоғары оқу орындарында негізгі пәндердің бірі болып оқытылады. Әрбір қазақстандық азамат үшін өз Отанының тарихын білу - өз халқының өткен және келешек ұрпақтары алдындағы қасиетті борышы. Сондықтан Тәуелсіз Қазақстан Республикасы қазіргі кезеңде Қазақстанның ежелгі дүние тарихы пәніне ерекше мән беруде.

Қазақстанның тәуелсіз мемлекет болған жағдайында тарихты білу, адамзат баласы жинақтаған бай тәжірибені игеру – жаңа ұрпақтар мен білім беруде тәрбиелеуде, олардың белсенді өмірлік айқындамасын қалыптастыруда мейлінше маңызды. Тарихқа, тарихи бастауларға біз қаншама терең үңілсек, қоғамдағы қазіргі жағдайды соғұрлым жақсы түсінетін, білетін боламыз. Мұның өзі өткеннен тағлым алғызады, тарихи шындықты бұрмалаудан сақтандырады. Ол аса жауапты іс – мемлекеттік және қоғамдық салалардың барлығына білікті, жоғары мәдениетті кадрлар даярлауда айрықша роль атқарады.

Қазақстан тарихында болып жатқан бүгінгі бетбұрыс, оның саяси – экономикалық және мәдени - әлеуметтік өміріндегі қайта түлеу, жаңару көп жылдар бойы тоталитарлық басқару жүйесінің езгісінде болып, халықтың өткенін білуі күңгірттеніп, ұрпағы мәңгүрттеніп, өз елінің тілі мен дінінен, дәтүр – салтынан қол үзе бастаған кезде қолға алынды. Осындай бетбұрыстың нәтижесінде Қазақстан тарихының бір бөлігі Қазақстанның ежелгі дүние тарихына ерекше көңіл бөлінді. Тарихтың көптеген мәселелері қайта қарастырылып, жаңа бағаға ие болды. Ақтаңдақ беттерді ақиқат шындықтармен толықтыру ой - өрісімізді кеңейтуге, тарихты бүгінгі биіктер тұрғысынан зерделеуге мүмкіндік беруде. Сөйтіп мұның өзі өшкенімізді тірілтіп, өткенімізді білуге, оны бүгінгі қалыптасқан ойлау жүйесі мен көзқарастар тұрғысынан түсінуге ықыласын арттырды.

Курс мақсаты: Студенттерді Қазақстанның ежелгі кезеңіндегі ерте заманнан бастап жүріп өткен жолының тарихи кезеңдері мен бағыттарын бөліп үйрету, нақтылы оқиғалармен таныстыру, Қазақ халқының тарихын, Қазақстанды мекендеген басқа да халықтардың, көрші елдер мен халықтардың тарихымен байланыстыра қарастыру.

Қазақстанның еделгі тарихы материалдары студенттерді жоғары саналыққа, ізгілікке, адамгершілікке, отаншылдыққа, Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеуде зор роль атқарады. Қазақстан тарихының ежелгі дүние тарихы пәні Археология, Қазақстан тарихының түпдеректері, Қазақстан Республикасының тарихнамасы, Отантану, Дүниежүзілік тарих, Жалпы тарих және тағы басқа пәндермен тығыз байланысты.

Курс міндеттері:

                         - халқымыздың тарихын жастардың зердесіне құйып, оларды осы тарихтың тағлымымен таныстыру;

                         - студенттердің тарихи санасын бүгінгі талаптар тұрғысынан қалыптастырып, өз Отанына адал қызмет етуге жағдай жасау;

                         - ұлтымыздың болашағы – жастар. Олардың санасына білімнің, ізгіліктің, парасаттылықтың және адамгершіліктің дәнін егіп, ата – анасын, елін, жерін, тілін, дінін сыйлай білетін сүйіспеншілікті, азаматтық намыскерлікті қалыптастыру;

                         - Қазақстанның ежелгі дүние тарихындағы негізгі кезеңдерге, аса маңызды саяси оқиғалар мен ірі тұлғалы азаматтарға, елдің тарихындағы батырлар мен билерге ерекше тоқталу тарихшылар қауымының алдында тұрған міндеттердің келелісі;

                         - тарих ғылымы саласында ғылыми – зерттеулердің қазіргі деңгейімен таныстыру;

                         - Отан тарихының сан ғасырлар бойы өлмей бізге жеткен мол мәдени мұралары мен рухани қазынамыздың әлемдік өркениетке қосқан үлесін анықтауға, өзіндік баға беруге дайындау.

Пререквизиттер: География, Математика, Археология, Қосалқы тарихи пәндер т.б.

Постреквизиттер: Курс соңында студенттер жазба, археологиялық деректер негізінде Ежелгі Қазақстан тарихы бойынша  тарихи құбылыстарға деген жеке көзқарасын қалыптастырады және курс студенттерде патриоттық сезімнің оянуына себеп етеді, ұлттық құндылықты бағалауға жетелейді.

Оқыту әдістемесі: Курс негізінен басты оқу материалдары қамтылған және семинар дағдылар мен сабақ барысында берілетін түсініктер бекітілетін дәріс түрінде және семинар сабақтар арқылы жүргізіледі. Студенттердің білімін үй тапсырмаларын тексеру, электрондық оқулық т.б. оқу құралдарында берілген тестілерді орындау, ауызша сұрау, жеке семестрлік тапсырмалар арқылы жүзеге асады.

Қазақстанның ежелгі тарихы курсы бойынша 5B011400 – «Тарих» мамандығының білім бакалаврының құзыреттеріне қойылатын талаптар:

Түйінді құзыреттерге:

- қалыптастырушы: позитивті ойлауға қабілетті болу, ұлттық құндылықтар жүйесінде орын алу, этикалық құндылықтар жолын ұстану, ізгілікке және оптимизмге бейім болу;

- жүйелеуші: Қазақстанның ежелгі тарихы білімдері бойынша іздену, құрылымдау және жүйелеу біліктері мен дағдыларын меңгеру, жүйелі ойлауға қабілетті болу;

- зерттеушілік: әдіснама, Қазақстанның ежелгі тарихы саласындағы білімдерді меңгеру, курс бойынша ақпараттарды басқару дағдылары мен біліктерінің болуы, талдау және синтез негізінде кешенді маниторингті жүзеге асыру, зерттеу мәдениетін жетілдіруге ұмтылу;

Пәндік құзыреттерге:

- коммуникативті: курс бойынша қазақ, орыс, шетел тілдері, қарым-қатынас технологиясын, педагогикалық риториканы меңгеру, толеранты болу;

- технологиялық: курс бойынша білімді игеруде педагогикалық технологияларды пайдалану мен осы салада іздену, бағалау, саралау және қолдану біліктері мен дағдыларын меңгеру, жаңашылдыққа қабілетті болу, ынталылығы мен еңбекқорлығын көрсете білу;

- бақылаушы: курс бойынша білімді меңгеруде өзін-өзі бағалау мен өзін-өзі бақылауға, ақиқатқа ұмтылу;

Арнайы құзыреттерге:

- бағдарламалық: пәндік, әдістемелік білімдер жүйесін, курс бойынша игерген теориялық білімдерін кәсіби қызметте қолдана білу біліктері мен дағдыларын меңгеру;

- пәнаралық: курс бойынша міндеттерді шешуде түрлі пәндер салаларындағы білімдерді біріктіру біліктері мен дағдыларын меңгеру;

- дамытушы: заманауи Қазақстанның ежелгі тарихы саласындағы білімдерді меңгеру, жоғары кәсіби тарихшылардың зерттеулерін оқып-білу, өз бетімен білім алуға ұмтылу;

- креативтік: курс бойынша шығармашылық қызметтерді жүзеге асыру теориялық негіздерді меңгеру, сыни тұрғыдан ойлауға қабілетті болу;

- ұйымдастырушы-әдістемелік: курс бойынша дерек көздерін меңгеру, оларды кәсіби қызметте пайдалана алу қабілетті болу.



ҚР тарихы кафедрасының аға оқытушысы, т.ғ.к. Дюсенгалиева М.Г.

ҚР тарихы кафедрасының аға оқытушысы Калменов М.Д.

ҚР тарихы кафедрасының аға оқытушысы, т.ғ.к.  Ж.К. Мухангалиева

Разработчик, ст преподаватель Мухангалиева Ж.К.