Оқытушы туралы мәлімет: Бактыгулова Б.Н., аға оқытушы

2. Пән туралы мәліметтер

Мақсаты: отандық тарихтағы негізгі оқиғалардың мазмұны туралы ғылыми дәлелденген фактілер негізінде міндетті толық білім беру, тарихи-мәдени дамудың үздіксіздігі мен сабақтастығын дәлелді көрсету, рухани мұрагерліктің терең тамырларын, бұрынғы ұрпақтың қажырлы еңбегін, халықтың жеке тұлғаларын, тарихи тәжірибені және ұлттық дәстүрлерді құрметтейтін жастардың ұстанымын қалыптастыру.

·         Курстың міндеті: Қазақстанның тәуелсіз мемлекеттілігі мен ұлттық қауіпсіздігін қалыптастыратын стратегиялық міндеттерге бағытталған тарихи білімнің теориялық және әдістемелік негіздерін қалыптастыру;

·         Полиэтникалық және поликонфессионалды қазақстандық қоғамды біріктірудің идеологиялық және рухани негіздерін қалыптастыру;

·         Дүниежүзілік тарих, Шығыс және Батыс мәдениеттерінің диалогы ауқымындағы бүгінгі Қазақстан тарихының қайталанбас ерекшелігі мен маңыздылығын анықтайтын ғылыми қағидаларын ашу;

·         Қазақ халқының этногенезі мәселесін, Ұлы Дала аумағындағы  мемлекеттілік пен өркениеттер түрлері эволюциясын, аса маңызды тарихи фактілер мен оқиғалар жиынтығын, тарихтың сабақтары мен заңдарын тұтастай және объективті түрде қарастыруды  көздеген қазіргі  Отан тарихының ғылыми-негізді тұжырымдамасын жасау;

·         Жеделдетілген модернизация мен республиканың экономикалық және идеялық-мәдени жетістіктерге қол жеткізген даму моделін шынайы ғылыми тарихи білім мазмұнымен толықтыру.

·         Қазақстанның қазіргі заманғы тарихын оқыту барысында студент төмендегідей құзыреттіліктерді меңгереді:

- өткен тарихи оқиғалар мен көріністерді сыни талдау, ретроспективті, салыстырмалы-тарихи және де басқа да ғылыми зерттеу әдістері негізінде оларды адамзаттың әлемдік-тарихи дамуымен байланыстыра көрсетуге дағдылану;

- әлемдік және еуразиялық  тарихи үдерістер бастауларында  тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қалыптасу алғышарттарын,кезеңдері мен олардың тарихи негіздерін білу;

- қазақстандық даму үлгісінің өзіндік басымдылықтарын, ерекшеліктері мен маңыздарын шынайы және жан-жақты ескеру;

- күрделі тарихи үдерістерді, құбылыстарды және қазіргі Қазақстанның тарихи тұлғаларының қызметін оқытуда аналитикалық және аксиологиялық талдаулар жасау дағдысын меңгеру.

Пререквизиттері: Мектеп бағдарламасының көлеміндегі әлемдік және отандық тарих.

Постреквизиттер:Мәдениеттану, психология, педагогика, философия, саясаттану және әлеуметтану.


аралық бақылау, практикалық жұмыстар
аралық бақылау, практикалық жұмыстар
аралық бақылау, практикалық жұмыстар