Курстың қысқаша сипаттамасы: Егер химия ғылымының тариха даму жолына ойша шолу жасасаңыз, оның дамуында эксперименттің орасан зор роль атқаратындығына көзіңіз жетеді. Химия ғылымындағы барлық маңызды теориялық ашылулар көптеген эксперименттік фактілердің қорытындыларының нәтижесі болып табылады. Эксперименттің көмегімен заттардың табиғатын танып білуге болады және ол сол заттардың арасындағы өзара қатысты, тәуелділікті ашуға, меңгеруге көмектеседі. Химия ғылымында эксперимент осындай маңызды орын алатындықтан мектепте де бұл ғылымның негіздерін оқып үйрену барысында эксперименттің атқаратын ролі зор. 


Курстың мақсаты: химия курсында заттар, олардың қасиеттері, айналуы және қолданылуы туралы көзқарастар мен түсініктерді қалыптастыру үшін осы заттарға химиялық эксперимент жасамайынша, белгілі бір байқаулар жүргізбейінше теориялық қорытындылар жасау мүмкін емес. Сонымен қатар, химиялық экспериментті орындау барысында байқалатын химиялық құбылыстар мен процестердің мәнін түсіну үшін оқушы жаратылыстанудың заңдары мен теорияларын терең меңгеру қажет. Алайда тәжірибе жүргізуде білік пен дағдының қалыптасуы үшін химиялық эксперимент мағызды роль атқарады. Сонымен, оқу-тәрбие процесінде химия пәні бойынша оқушыларда терең сапалы білім қалыптасуы үшін эксперимент пен теория тығыз байланыста болу керек

• Студенттерді орта мектеп бағдарламасы шеңберінде қарастырылатын химиялық экспериментті жүргізу химия есептерін шығаруға үйрету;

• Студенттерді мектептегі педагогикалық сараманға дайындау;


      Курс міндеттері:

• Химияның негізгі түсініктері және өлшем бірліктерінің халықаралық жүйесін меңгерту;

• Химиялық есептердің типтері мен олардың мектеп бағдарламасындағы орнын анықтау;

• Есептерді талдау, оларды шығару әдісімен танысу;

• Бейорганикалық және органикалық заттардың сапалық анализіне арналған тәжірибелік есептерді шығару әдісімен танысу.


Оқыту әдістемесі: Сөздік (әңгіме, әңгімелесу, сұрақ-жауап)

                       Сармандық (есептер шығару, сапалық тәжірибелер жасау)


Курстың пререквизиттері:

«мектепте химиялық экспериментті жүргізу» курсын меңгеру үшін студенттерге төмендегідей пәндерден білімдері қажет: орта мектептің «Химия» курсы,  орта мектептің «Математика» курсы, орта мектептің «Физика» курсы, бейорганикалық химия, органикалық химия, аналитикалық химия, химияны оқыту әдістемесі, педагогика, психология.

Курстың постреквизиттері:

Бұл пән бойынша игеретін білім химиядан есептерді шығару әдістемесі, педагогикалық менеджмент, педагогикалық практика, физикалық химия, коллоидтық химия, жоғары молекулалық қосылыстар химиясы, химиялық технология, сонымен бірге арнайы химия пәндерін табысты игеруіне қажетті. Үздіксіз педагогикалық практика кезінде және мектеп сарамандылығына пайдалану


Курстың қысқаша сипаттамасы.   Студент болашақ мұғалім ретінде мектеп бағдарламасын меңгеруі тиіс, мектеп оқулықтарын оқушыларға берілетін ғылыми  ақпараттарды білуі тиіс, оқыту процесі кезінде күнделікті педагогикалық тәрбиелеу тапсырмаларын шешуге үйренуі керек, сабақ жоспарын құруы, практикалық жұмысты жүргізуі, өнеркәсіпте, табиғатта топсеруен өткізе алуы, кластан тыс жұмыстар жүргізе алуы, сонымен қатар химиядан факультативтік сабақтар жүргізе алуға үйренуі тиіс.

Курс мақсаты:

студенттерде болашақ мұғалімдер ретінде әдістемелік білім және білік, мектепте химиядан оқу-тәрбиелік жұмыстарын жүргізуге дайындық, ұстаздық жұмысқа өзбетімен және шығармашылық жағынан дайындау.

 Курс міндеті:

     Химияны оқыту әдістемесінің негізгі міндеті студенттердің оқытудың теориялық негізімен, практикалық ережелерімен, таныстыру, орта мектепте оқыту процесінде оқушыларды оқыту және тәрбиелеу, мұғалімдік шеберлікке үйрету.

Оқыту әдістемесі: Сөздік (дәріс, әңгіме, әңгімелесу).Сарамандық (зертханалык тәжірибелер,өздік жұмыс).

Пререквизиттер: Педагогика, психология, бейорганикалық, органикалық химия,химиядан есептер шығару әдістемесі.

Постреквизиттер: Үздіксіз педагогикалық практика кезінде және мектеп сарамандылығында пайдалану.

Курс мақсаты:

                     -    студенттерді орта мектеп бағдарламасы шеңберінде қарастырылатын

                           химия есептерін шығаруға үйрету;

-         студенттерді мектептегі педагогикалық практикаға дайындау.

Курс міндеті:

-         химияның негізгі түсініктері және өлшем бірліктерінің халықаралық

      жүйесін меңгерту;

-         химиялық есептердің типтері мен олардың мектеп бағдарламасындағы    

       орнын анықтау;

-         есептерді талдау, оларды шығару әдістемесімен танысу

-         бейорганикалық және органикалық заттардың сапалық анализіне арналған

      тәжірибелік есептерді шығару әдістемесімен танысу.

 

 

Пререквизиттер: бейорганикалық химияның теориялық негіздері, элементтер химиясы,

                               физика, жоғары математика, информатика.

 

Постреквизиттер: Үздіксіз педагогикалық практика кезінде және мектеп

                                сарамандылығында пайдалану.

 

Оқыту әдістемесі: Сөздік (әңгіме, әңгімелесу, сұрақ - жауап)

                                  Сарамандық (есептер шығару, спалық тәжірибелер жасау)


    Сандық талдау пәні – заттың сандық құрамын анықтауға мүмкіндік беретін әдістерді зерттеу.

    Сандық талдау міндеті – Заттың сандық құрамын анықтау:

а) Күрделі зат құрамына кіретінэлементтердің массалық  қатынасын анықтау, яғни заттың формуласын табу :

ә) талданатын обьектілердің  құрамына кіретін химиялық заттардың санын анықтау ;

б) ертіндідегі заттардың концентрациясын анықтау.

     Сандық талдауды химиялық және аспаптық (физикалық және физико-химиялық) әдістермен анықтайды.

     Химиялық әдістерге гравметриялық және титриметрлік әдістер жатады. Гравметриялық  талдауда анықталатын компоненттің массасының дәл өлшенуі  аса  маңызды, ал титриметрлікте – берілген анықтауға жұмсалған белгілі концентрациялы реагенттің көлемінің дәл өлшенуі.

  Сандық талдау тәсілдерін орындау барысында қажетті білім мен дағдылар

Сандық талдауды оқу кезінде студенттер білуге тиісі:

1.Гравиметриялық және титриметриялық талдау тәсілдерінің теориялық негіздерін.

2.Инстументалды (фотокориметрия,спектрометрия, газ-сүйықты хромотография, флюоренция) талдау тәсілдерінің негіздерін.

3.Электрохимиялық талдау тәсілдерінің ( потенциметриялық және кондуктрометриялық титрлеу. Амперметрия. Полярография. Кулонометрия) негіздерін. Кинетикалық талдау тәсілдерін.

4. Қазіргі заман талдау тәсілдерінің негізгі принциптерін: масспектрометриялық және радиометриялық әдістері.

5.Қателер теориясының және талдау нәтижесінде алыған мәліметтерді математикалық статистика тәсілдарімен есептеу жолдарының негіздін білу.

 

Сандық талдау тәсілдерін оқу барысында студенттер білуі тиісті

1.Аналитикалық химия пәніне арналған оқу және анықтама әдебиеті мен өз бетімен жұмыс істей білу.

2.Өлшеу ыдысымен дұрыс пайдалану, жуу;оны қалибрлеу, градусқа бөлу.

3. Гравиметриялық және титриметриялық талдау тәсілдерінің орыңдау техникасын меңгеру.

4. Титрант ерітінділерін даярлау және оларды стандарттау.

5. приборлармен жұмыс істеу: аналитикалық таразымен, фотоколориметрмен, спектрофотомермен, газ-сұйықты хроматографпен және полярографмен.

6.Сандық талдау саласында оқу-зерттеу жұмысын (ОЗЖ) орындау.

7. Алынған ьәліметтерді математикалық статистика тәсілдерірмен есептеу.

8. Түрлі есептерді шығару

 

  Төменде сандық талдауды оқу барысында орындалатын әр лабораториялық сабаққа қажетті методикалық нұсқаулар келтірінген. Студентнр бұл методикалық нұсқаулары сабаққа даярланғанда және практикалық жұмысы орындаған кезде пайдаланулары керек.

 

Пәнаралық байланыстар.

Жалпы және бейорганикалық химия.

Химиярың негізгі заңдары. Ерітінділер. Электролиттік диссоциация теориясы. Комплексті қосылыстар. Тотығу-тотықсыздану реакциялары. Элементтер химиясы.

Физика және математика

Оптиканың теориялық негіздері.  Математикалық статистика. Алгебралық функцияларды есептеу, логарифмдеу.

Пререквизиттер: Аналитикалық химияны жетік меңгеру үшін жалпы және анорганикалық химияның негіздерін, физиканың, жоғарғы математиканың (дифференциалдық, интегралдық есептеулер, логарифмдеу т. б.) негіздерін білу қажет.

Постреквизиттер:    Аналитикалық химия курсын оқуда алған білімдерді келесі пәндерді меңгеру үшін қажет:

-   физикалық және коллоидты химия,

-   биологиялық  және органикалық химия

-   топырақтану, өсімдіктерді қорғау, стандарттау және серттификация.


Кіріспе: Физикалық химия- химиялық процестер мен құбылыстардың жүру заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Физикалық химия физика ғылымының негізіне сүйене отырып,химиялық процестерді сандық жағынан сипаттайды. Физикалық химияның негізгі бөлімдері:

- Химиялық термодинамика- ол негізінен термодинамика заңдарына негізделген, бірінші заңның негізінде химиялық процестің жылуын, энергетикалық байланысын, сыртқы жағдайлардың әсерін анықтайды, ал екінші заңы негізінде процестің өздігінен жүретін бағытын, тепе-теңдік жағдайының сыртқы әсерлерден өзгеруін зерттейді.

-Ерітінділер туралы ілім, ерітінділердің табиғатын, ішкі құрылысын және негізгі қаситетерін, оның концентрацияға, химиялық табиғатынабайланысын және ерігіштігін қарастыроады.

- Химиялық кинетика және тепе-теңдік, гомогенді және гетерогенді ортадағы химиялық реакциялардың механизмін, жылдамдығын зерттейді, катализ туралы түсініктерді қамтиды.

- Электрохимия, электролит ерітінділердің қасиеттерін, ерітінділердің электр өткізгіштігін, электролиз процестерін және гальваникалық элементтерді қамтиды.

    Коллоидтық химия курсы студентерді денелердің коллоидтық күйлері мен дисперстік жүйелердегі беттік құбылыстардың қазіргі ілімінің негіздерімен таныстырады. 

Қазіргі коллоидтық химияның негізгі мәселері – дисперстік фазалардың пайда болу жағдайы, олардың ерекше қасиеттері, сондай-ақ өзіндік ерекше механикалық /реологиялық/ және электрлік қасиеттері бар гетерогендік құбылыстардың пайда болуы мен дамуы.

Курстың мақсаты: Орта мектеп бағдарламасындағы химия пәнін жоғары деңгейде , теориялық негізін түсіндіре алатын  физикалық химия пәнін жоғары дәрежеде меңгерген болашақ мұғалімді дайындау.

Курстың міндеті:

Физикалық химияы оқығаннан кейін студенттер төмендегі теориялық білімдерді алып, дағдылар мен іскерліктерді қалыптастыру тиісті:

- - химиялық теориялық негіздерін білу

-физика-химиялық аспаптармен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру

- практикалық сандық жұмыстарды және олардан алынған нәтижелерді  өңдеу.

Білу қажет:

- коллоидты химияның негізгі бөлімдері мен әдістері;

- дисперсті жүйелер, олардың алу әдістері мен қасиеттері;

- беттік құбылыс;

- коллоидты жүйелердің молекулалы кинетикалық және реологиялық қасиеттері;

- коллоидты жүйелердің коагуляциясы және тұрақтылығы.

- табиғатты қорғаудың коллоидтық-химиялық негіздері.

Пререквизиттер   - физикалық химия, бейорганикалық химия, аналитикалық химия; органикалық химия. 

Постреквизиттер - биохимия, ЖМҚХ, химиялық технология, қоршаған орта химиясы, биология, микробиология және химиялық экология.

 


Химиялық технология пәні - біздің еліміздің ғылыми - техникалық прогрессін одан əрі дамытатын инженер кадрларын даярлаудың сапасын жақсарту үшін жалпы ғылыми жəне жалпы инженерлік пəндердің негізін қалау жəне студенттердің өзіндік жəне практикалық жұмыстарын күшейту қажет. Бұл мақсатты орындауда жоғары химиялық технологиялық білімдердің жалпы инженерлік негізін қалаушы қазіргі заманғы «Жалпы химиялық технология» пəні атқарады.

Берілген курс екі негізгі бөлімнен тұрады:

-   Органикалық жəне бейорганикалық заттардың химиялық технология үрдістерінің теориялық негіздері;

Органикалық жəне бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы.

Курстың міндеттері:

Курстың міндеті – студенттерге қазіргі кездегі химия ғылымын жəне оның негізінде химияның арнайы бөлімдерін меңгерту. Берілген пəнді оқыту келесі оқу-əдістемелік міндеттерді шешуге бағытталған:

·      Жалпы химиялық технологиямен танысу;

·      Химиялық технологияның негізгі механизмдерін анализдеу;

·      Бейорганикалық    жəне     органикалық    заттардың     химиялық    технологиясының заңдылықтарын анықтау.

·      инженерлік        тəжірибеде        қолданылатын        полимерлердің,        металдардың, бейметалдардың негізгі физико-химиялық қасиеттерін;

·      рационалды өндіріс процестеріне қойылатын экономикалық жəне экологиялық талаптары.

 

Пререквизиттер:

Оқылатын курс бейорганикалық, аналитикалық жəне физикалық химия,  математика пəндеріне сүйенеді. Курс инженер-химик технологты арнайы (инженерлік) даярлаудағы негізін қалаушы жəне жалпы инженерлік тəмəмдаушы болып табылады.

Постреквизиттер:

Берілген курс химиялық технологияның негізгі үрдістерінің терең физикалық түсінігін береді, яғни қазіргі заманғы химиялық өндірісті жасауға жəне қазіргі заманғы инженер-технологты қалыптастыруға қажетті ұғымдарды қамтамасыз етеді.


Органикалық химия -  жалпы химияның бөлігі. Ол бейорганикалық, физикалық және биологиялық химиямен тығыз байланысты. Бірақ бұл ғылымның өзінің  терең ерекшелігі бар. Органикалық химияның негізін көміртегінің гидриттері құрады. Көміртегінің гидридтеріне яғни көмірсутектерге басқа элементтердің гидридтерінде жоқ ерекше қасиеттер тән. Сонымен, органикалық химияны көміртектегі химиясы деп атауға болады.

 

Мақсаты: Органикалық қосылыстардың электрондық құрылысын және органикалық қосылыстардың негізгі класстарымен және типтерімен таныстыру.

Курстың міндеті:

1. заттардың қасиетін химиялық байланыс теориясы арқылы сипаттауды үйрету;

2. заттардың химиялық қозғалысын түсіндіре білу;

3. теорияны практикамен байланыстыра білу.

Пререквизиттері: Осы курсты білу үшін жалпы және бейорганикалық химияны білу керек.

Постреквезиттері: Биология пәндері.


         «Жалпы биологиялық химия» курсының мақсаты: тірі организмдердің құрамына кіретін заттардың химиясымен, олардың тірі организмде атқаратын қызметтерімен таныстыру.

Курстың міндеттері: 

Жалпы биологиялық химия тірі организмдегі биологиялық молекулалардың құрамын, құрылысын, қасиеттерін, атқаратын қызметтерін және тірі табиғаттағы зат алмасу процестерін зерттейді.

Жалпы биологиялық химияны  оқытудың негізгі мақсаты жалпы биохимия ілімінің қазіргі күйін баяндау, күрделі тірі организм жүйесіндегі биологиялық молекулалардың үйлесімділік принциптерін көрсету.

Жалпы биологиялық химиятіршілік химиясы. Тіршілік құбылыстарын тереңірек тануда Жалпы биологиялық химияның  алатын орны үлкен, оның жетістіктері адам өмірінің жан-жақты салаларында және биологияның арнаулы салаларында қолданады.

Пререквизиттер: химияның барлық салаларының (бейорганикалық химия, органикалық химия, физикалық және коллоидтық химия) негіздерін білу қажет

Постреквизиттер:  

       Жалпы биологиялық химияның  негізін игере отырып тірі организмдердің химиялық құрамын, ондағы күрделі органикалық қосылыстардың қасиеттерін, атқаратын қызметтерін, олардың өзара өзгеріске ұшырауын білу қажет, сонымен қатар биологиялық молекулалардың, тіршілік құрылымдардың биохимиялық қасиеттерін зерттей білу және үйренген тәжірибелік әдістерін, алған білімдерін адам өмірінің әр түрлі салаларында қолдана білу керек.



Қазіргі кездегі экологиялық проблемаларды шешу үшін, оны тудыратын химиялық себептерді анықтау қажет. Осының салдарынан экологиялық білімді  «химияландыру» қажеттігі туып отыр және көпшілік экологиялық процестерді шешу химия ғылымының жетістіктеріне тәуелді. Бұл пән қоршаған ортаның химиялық ластану түрлерін, оның алдын алу және ластану салдарынан сақтау жолдарын қарастырады. Бұл курсты оқу барысында биосфераның,атмосфера, гидросфераның химиялық ластану жолдарын, ластану барысында табиғи ортада жүретін химиялық өзгерістерді, оларды жою жолдарымен танысады.

Курстың мақсаты:

Табиғи ортада ластанудың салдарынан жүретін әртүрлі химиялық процесстерді, олардың қоршаған ортаға және тірі организмдерге тигізетін залалдарын білу. Жануарлар ортасының әр түрлілігін сақтау жолдарын қарастыру. Табиғи тепе- теңдіктің сақталу заңдылықтарын қарастыру.

Курстың міндеті:

Студенттерді адам мен табиғат арасындағы байланыстың негізгі жолдарын түсіндіріп, оқыту.

Ғылыми-техникалық прогресстің мән-мағынасын түсіндіру

Ғылыми-техникалық прогресстің  жағымды, жағымсыз жақтарын түсіндіру

Негізгі өндіріс салаларының негізгі сипаттарымен және олардың аралық байланыстарымен таныстыру

әртүрлі өндіріс көздерінің биосфераның басты компоненттеріне әсер ету бағыттарымен жолдарын және одан туындайтын зардаптарымен таныстыру

өндіріске қажетті ресурстар классификациясы мен оларды іске қосқаннан кеін шығатын ластаушы заттардың топтамасымен таныстыру

түрлі өндіріс көздерінің технологиялық процесстерін оңдау және экологизациялау жолдарын үйрету

қоршаған ортаның мониторингісін жүргізудің негізгі әдістерімен жолдарын меңгеру

қоршаған ортаны қорғау барысындағы халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын түсіндіру

Пререквизиттер: аталған курс төмендегідей пәндердің мазмұнын меңгеру кезіндегі алған фундаменталдық біліміне негізделген : экология, топырақ экологиясы, ботаника , зоология, адам анатомиясы, өсімдіктер және жануарлар , әлеуметтік экология, генетика.

Аралас пәндер тізімі: химия, физика, әлеуметтану, тарих, экономика, экология және математика.

Постреквизиттер: Өнеркәсіптік экология пәнінен алған білімдерін келесі пәндеде пайдаланылады:

    -   экологиялық мониторинг

    -   экологиялық сараптама


Курстың мақсаты:

       Халық шаруашылығында ерекше орны бар, қызық ғылымның саласы болып саналатын пәнмен таныстыру.

       Биологиялық, бейорганикалық химиядан және т.б. пәндер бойынша білімді тереңдете түсуге көмектеседі.

       Лабораториялық жұмыс кезінде полимерлерді синтездеудің техникасымен танысып, органикалық заттардың құрамымен қасиеттерін зерттеп білуге көмектеседі.

 Курстың негізгі міндеттері:

-          жоғары молекулалық қосылыстар химиясының негізгі ұғымдары мен мәселелерін толық ашу;

-          жоғары молекулалық қосылыстардың  негізгі түзілу жолдарын қарастыру (полимерлену және поликонденсация);

-            полимерлердің негізгі физикалық және химиялық қасиеттерімен таныстыру;

-          жоғары молекулалық қосылыстардың  шынайы және коллоидты ерітінділері бойынша коллоидты химия курсында алған білімдерін одан әрі тереңдетіп , жетелдіру.

-          негізгі табиғи және синтетикалық полимерлердің алыну жолдары , қасиеттері , пайдалану туралы толық мағлұмат беру;   

 Курстың мазмұны:

1.Кіріспе.Полимерлердің номенклатурасы мен классификациясы. Полимерлер номенклатурасының төменгі молекулалық қосылыстардан ерекшеліктері. Рационалды номенклатура және оның кемшіліктері.

2.Полимерлердің химиялық құрылысы және қасиеттері.  Полимерлер туралы негізгі түсініктер: мономерлер, макромолекула, элементарлы звено, полимерлену дәрежесі, гомополимерлену, сополимерлер.

3. Макромолекулалар және олардың ерітіндідегі қасиеттері. Заттың полимерлі күйдегі ерекшеліктері. Макромалекуланың үлкен өлшемімен және тізбекті құрылымымен белгіленетін негізгі қасиеттері.

4.Полимерлердің құрылымы мен физика-механикалық қасиеттері. Полимерлердің фазалық жәнефизикалық күйлері. Шыны тәрізді күй. Тұтқыр-аққышты күй. Кристалдық полимерлер және олардың физика-механикалық қасиеттері.

5..Полимерлер синтезі. Полимерлер Алу процесінің  жалпы сипаттамасы. Полимерлену және поликонденсациялану процесінің ерекшеліктері. Полимерлену классификациясы: тізбекті радикалды және иондық полимерлену.Поликонденсация.Мономерлердің полимерлену сипаттамасы.

6.Полимерлердің химиялық түрлендірулері.  Полимерлерді химиялық түрлендірулердің ерекшеліктері.Полимер тізбегіндегі звенолардың реакциялары және макромолекулалық реакциялар. 

7. Полимерлердің құрылымы және қасиеттері. Полимерлердің агрегаттық және фазалық жағдайлары. Полимерлердің шыны тәрізді жоғары эластикалық, тұтқыр аққыштық ерекшеліктері. Полимерлерді зерттеудің  термохимиялық әдістері, әртүрлі полимерлердің термохимиялық қисықтары.

8.Полимерлерді өңдеп затқа айналдыру.  Полимерлерді өңдеудің әдістерінің классификациясы. Пластомерлерді байта өңдеу әдістерінің сипаттамасы: қысым бойынша құю, престеу,, формовкалау, вальцеден өткізу т.б. талшықтарды формалау әдістерінің сипаттамасы.

9.Полимерлерді материалдардың сипмттамасы және олардың синтездеу шикізаттары. Полимерлі материалдарды пайдалану облысының классификациясы. Синтетикалық полимерлердің шикізат көзінің сипаттамасы.

10.Полимерлерді алу кезіндгі зерттелер. Блокты полимерленудің кинетикасын дилотометриялық әдіспен зерттеу. Эмульсиялық полимерленудің кинетикасын  зерттеу.

11. Полимерлердің қасиеттерін зерттеу. Деструкция процесін зерттеу. Полимерлердің тығыздығын анықтау.Полимерлердің температурасын анықтау. Полимерлердің ісіну қабілетін ортаның қышқылдығына байланысты зерттеу.

12. Полимерлердің құрамын анықтау. Метакрил қышқылының сополимерін алу және олардың титрлеу арқылы талдау. Пластикалық массалар. Пластмассалардың құрамы.

Пререквизиттер. Қарастырылған курсты оқу үшін жалпы және органикалық химия бойынша білімі қажет.

Постреквизиттер. Өндірісте, тұрмыста полимерлі қосылыстардан композициялық материалдарды алу үшін қолданылады.

 Оқыту әдістемесі: оқытуды негізі оқу материалдың мазмұны көрсететін және практикалық білімдерді бекітетін дәріс және лабораториялық сабақ түрінде жүргізеді. Студенттердің білімін бақылауын есептер шығару арқылы үй тапсырмаларын орындауын тексеру, тестілер, ауызша сұрау, жеке тапсырмалар, әңгімелесу түрінде жүргізеді.